АҚШ-та "Қазақ аруы-2014" байқауы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та "Қазақ аруы-2014" байқауы өтті АҚШ-тағы "Қазақ Аруы-2014" байқауының жеңімпаздары Фото KazUnion©

АҚШ-та "Қазақ аруы-2014" сұлулық пен дарын байқауы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Байқауда алматылық 18 жастағы ару Әлия Молдабекова жеңімпаз атанды. Бұл ару Нью-Йорк қаласындағы мектепте оқиды. Екінші орын астаналық Айсұлу Қарпықоваға бұйырды. Ол "Болашақ" бағдарламасы бойынша Колумбия университетінде оқиды. Үшінші орынды Павлодар қаласының тумасы Әсел Мұқашова иеленді. Ол да Колумбия университетінің студенті. Атауына қарамастан байқауға Қырғызстаннан, Тәжікстаннан да қыздар қатысты. "Қазақ аруы-2014" атағын жеңіп алуға 11 ару бақ сынасты. Байқауды SuperStarKZ жобасының жүлдегері Алтынай Сапарғалиева жүргізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 498.46  course up  589.08  course up  6.48  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети