Арман Дәулетияров ТЭФИ сыйлығын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Дәулетияров ТЭФИ сыйлығын жеңіп алды Арман Дәулетияров

"Муз-ТВ" телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияровқа "ТЭФИ-өңір 2018" Бүкілресейлік телевизиялық байқауының марапаты табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Муз-ТВ" телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияровқа "ТЭФИ-өңір 2018" Бүкілресейлік телевизиялық байқауының марапаты табысталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дәулетияровқа "Ресейлік телевизияға қосқан жеке үлесі үшін" номинациясы бойынша мүсін берілді. 

"Мен үшін мәртебелі әрі телекөрсетілімнің ең басты марапаты ТЭФИ сйылығын алу, әрине, үлкен абырой және үлкен қуаныш. Телевизиялық академияның мойындауы және жоғары бағасы мен үшін өте қымбат. Бұл жеңісімді анама арнаймын, соның арқасында мен осы деңгейге жеттім", - деді ол. 

Айта кетейік, Дәулетияров қазанда отбасында бесінші баланың дүниеге келгенін айтқан еді. 

Арман Дәулетияров - этникалық қазақ, Орынбор облысындағы Тамар-Уткуль ауылында дүниеге келген. 14 жасында Мәскеуге көшіп барған. Осыған дейін ол "The Эфир" жобасына қатысып, шоу-бизнеске қалай тап болғанын және Батырхан Шүкеновпен қалай танысқанын айтқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети