Таяуда ғана үш қыздан құралған NOVA тобы хит болған әндердің каверін орындауды жалғастыру үстінде, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жолы топ кавер-топ Абай Бегейдің "Аспанға қараймын" әнінің кавер-нұсқасын жазды.
Таяуда ғана үш қыздан құралған NOVA тобы хит болған әндердің каверін орындауды жалғастыру үстінде, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жолы топ кавер-топ Абай Бегейдің "Аспанға қараймын" әнінің кавер-нұсқасын жазды.
Топтың продюсері әрі менеджері Мақсат Хасановтың айтуынша, хит әндерден бастаудың себебі - вирус әндердің негізгі нұсқасынан да әдемі шығатынын көрсетіп, өзінің де ерекшелігін көрсету. Топтың мүшелері - Мөлдір Аxасова (вокал) "Қазақстан дауысы" финалисі, ал қобызда ойнайтын Жансая Зарқынбекова Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, ал домбырада Айгерім Жайлығұлова ойнайды.
Айта кетейік, "Аспанға қараймын" әні 2013 жылы шығып, хит болған еді. Youtube желісіндегі бір ғана арнада бейнебаян бүгінге жейін 10 миллион рет қаралған.
Әнші Абай Бегей көпшілікке осы әнімен танылған болатын. Кейін бұл әнді орындаушы кубалық Sin Frontera тобымен бірге орындаған еді.
"Бұл - аспаптық ерекшеліктермен орындайтын кавер топ. Авторлық әндерді де жасап жатырмыз. Топ жақында құрылды, музыкалық продюсері - Ернар Смағұлов. Топ басында бэнд болып құрылған, бэндте 6 адам болған, сол бэндпен mcDoncha-ның "Слезы текли" на лево и на право" деген хит әнін орындап, Instagram желісінде айтарлықтай танымал болған", - дейді Мақсат Хасанов.
Айта кетейік, топ осыған дейін "Грибы" деген украиналық топтың хит болған "Тает лед" әніне домбырамен және қобызбен кавер жазған еді. Түпнұсқа рэп үш апта ішінде 32 миллион рет қаралып, орыс тілінде жылдың ең танымал әніне айналды. Қайырмасы жаттанды әнге бұл күнге дейін көптеген кавер мен пародиялар түсірілген.