"Астана аруы - 2018" Еркеназ Сейфулла тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан аруы" сән байқауының Instagram желісіндегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.
"Астана аруы - 2018" Еркеназ Сейфулла тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан аруы" сән байқауының Instagram желісіндегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.
Парақшада қыз баланың үйлену тойына арналған киіммен түскен суретін, сондай-ақ салтанатты шараның видеосын және оның жолдасымен түскен суретін жариялаған. Елордадағы ең сұлу қыздардың бірі болып танылған бойжеткеннің жолдасы кім екені айтылмаған. Той Алматыда өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Сұмдық әдемі әрі сәнді Еркеназ Сейфулла, "Астана ару - 2018" тұрмысқа шықты. Той бүгін Алматыда өтті. Жастарды шын жүректен құттықтап, баянды бақыт тілейміз!", - делінген жазбаның сипаттамасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2018 жылы 12 желтоқсанда "Астана аруы - 2018" сән байқауының жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфулла болған еді. Қыз бала Қазақ технология және бизнес университетінде дизайнер мамандығы бойынша білім алып жатқан.