A'Studio тобының солисі Кэти Топурия ана атанды

17 Маусым 2015, 08:32
0
A'Studio тобының солисі Кэти Топурия ана атанды - © Instagram / keti_one_official
© Instagram / keti_one_official
A'Studio тобының солисі Кэти Топурия ана атанды - © Instagram / keti_one_official
© Instagram / keti_one_official
A'Studio тобының солисі Кэти Топурия ана атанды - © Instagram / keti_one_official
© Instagram / keti_one_official

A'Studio тобының солисі Кэти Топурия ана атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы топтың Facebook парақшасында хабарланды.

Кэти Топурия мен оның күйеуі Лев Гейхман қыздарын Оливия деп атады. "Мінекей, біздің топқа, отбасымызға жаңа адам қосылды!Біздің Кэти Оливия есімді кішкентай қызды өмірге әкелді! Біз бұны өткен күзден бері күтіп жүрміз. Қобалжыдық, Кэтиге бала өмірдегі басты нәрсе екенін, қалғандары күте тұратынын айттық", - деп жазылған әлеуметтік желідегі парақшада. 

Кэти Топурия мен Лев Гейхман 2013 жылдың қыркүйегінде шаңырақ көтерді. Бұған дейін олар төрт жыл бойы кездескен. Мәскеудегі Luxury Village концерт залында өткен үйлену тойына 500-ден астам қонақ келді. Олардың ішінде Алла Пугачева, Яна Рудковская, Светлана Бондарчук, Валерия және Иосиф Пригожин, Дима Билан, Евгений Плющенко, Арман Дәулетияров, Игорь Крутой, Иосиф Кобзон бар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай