Атақты актер Джонни Депп алаяқтық жасады деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атақты актер Джонни Депп алаяқтық жасады деп айыпталды © bigmir.net

Management Group компаниясы Джонни Депке келісімшартты бұзды, алаяқтық жасады және қаражатты ысырап етті деп айыптап, сотқа берді, - деп хабарлайды РИА Новости америкалық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Management Group компаниясы Джонни Депке келісімшартты бұзды, алаяқтық жасады және қаражатты ысырап етті деп айыптап, сотқа берді, - деп хабарлайды РИА Новости америкалық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Лос-Анджелестің сотына түскен шағымда компания басшылары Депптің өзімшіл, немқұрайлы және өз істеріне жауап бермейтін адам екенін айтады. Компаниядағылардың айтуынша, ол айына екі миллион доллар жаратқан. Сотқа берушілер өз кезегінде 560 мың доллар өтемақы талап етіп отыр.

Құжатқа сәйкес, Депп 14 үй мен Багамда бірнеше арал сатып алу үшін 75 миллион доллардан аса қаражат жұмсаған. Сондай-ақ, қайық алуға 18 миллион доллар жұмсаған. Онымен қоса, зергерлік бұйымдар мен гитараларға бірнеше миллион жұмсаған екен.

Сонымен қатар, құжаттағы мәліметтерге қарағанда, актер ай сайын шарапқа 30 мың доллар жұмсап, 40 қызметкерді жұмысқа алған. Олардың әрқайсысына ай сайын 300 мың доллар жалақы берген. Ал күзетшісіне ай сайын 150 мың доллар төлеген.

Айта кетейік, 13 қаңтарда Джонни Деп Management Group компаниясының өкілдеріне қарсы шағым түсірді. Ол менеджерлерге уақытылы салық төлемегені үшін айыптап, өтемақы ретінде 40 миллион доллар талап етті. Бірақ менеджерлер актердің шағымын "негізсіз" деп атады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети