ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2018 | 18:30
Айқын көп әйел алу, құмар ойындар және бала тәрбиесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"
Айқын Төлепберген Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында ашық сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Айқын Төлепберген Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасында ашық сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық әнші сұхбатында коммерциялық музыка, плагиат пен фонограммаға қатысты ойын ортаға салды. Сондай-ақ, оның жаңа әнінің сөзін Қайрат Нұртас жазғанын да айтты.
Бұдан бөлек әнші алкогольге, марихуанаға және спортта ұтыс тігуге қатысты пікірін білдірді. Айқынның айтуынша, ол футболдан әлем чемпионаты кезінде шамамен миллион теңгесінен ұтылып қалғанын мойындады.
Сонымен қатар, әнші жеке басындағы дау-дамай мен екі отбасыны қалай асырап жүргені туралы әңгімелеп берді. Айқын Төлепберген бүкіл қазақстандықтарға үй алып бергісі келетінін жасырмады.
Сұхбат барысында Айқынның қандай брендтерді ұнататыны, ол үшін статустың қаншалықты маңызды екені және ұлтаралық некелерге қатысты ойы айтылды.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында "The Эфир" жобасында Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.
Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.
YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.
Показать комментарии
Читайте также