Баян Алагөзова KeshYou тобының жаңа клипіне қатысты айтылған сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Алагөзова KeshYou тобының жаңа клипіне қатысты айтылған сынға жауап берді © Instagram.com

Баян Алагөзова TengrinewsTV арнасындағы The Эфир жобасында KeshYou тобы мен рэпер Baller-дың бірігіп түсірген жаңа клипіне қатысты айтылған сынға жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Алагөзова TengrinewsTV арнасындағы The Эфир жобасында KeshYou тобы мен рэпер Baller-дың бірігіп түсірген жаңа клипіне қатысты айтылған сынға жауап берді.

Айта кетейік, Swala La La клипі осыдан екі апта бұрын шыққан болатын. Алайда қазақстандықтардың көбі бұл клипті әдепсіз деп таныды.

"Мен ұятмендерге еш таңғалған жоқпын, барлығын біліп тұрып істедім. Қыздарға көбіне ұнайтын көйлектерді кидірген жоқпын. Трек хип-хоп стильде болса, неге мен оларға музыкаға сәйкес келмейтін көйлектерді кигізуім тиіс?", - дейді продюсер.

Баян Алагөзованың айтуынша, клип 10 күнде миллионнан аса көрілім жинаған.

"10 күнде - миллион 700 мың қаралым. Нәтиже менің көңілімнен шығады. Бізде мұндай көрсеткіш ешқашан болған емес. Соңғы екі жылда мұндай болған емес. 10 күнде осындай қаралым жинау команда үшін керемет жетістік", - дейді Алагөзова.

Сондай-ақ, продюсер жобаның қалай дайындалғанын айтып өтті.

"Мен өз-өзіме келгенде, яғни, осыдан бес ай бұрын сіңлім Бағым Мақсатқызымен асүйде отырдық. Ол маған кешке қонаққа келген болатын. Содан мен оған "Баголя не болып жатыр өзі? Қызық ештеңе жоқ. Бір жапан далада клип түсірейік, бір жылда 50 мың қаралым жинаса жинар. Сосын ойланып, басқа стильде жасайық" дедім. Содан хайп керек дедім. Ұнаса да, ұнамаса да. (...) Клип 10 күнде миллион 700 мың қаралым қаралым жинаса, ол қызық деген сөз", - дейді продюсер.

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасы ертең, 7 наурызда жарияланады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети