Баян Есентаева БАҚ өкілдерінен жеке өмірінде болған оқиғаны жаза бермеуді өтінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева БАҚ өкілдерінен жеке өмірінде болған оқиғаны жаза бермеуді өтінді

Баян Есентаева БАҚ өкілдерінен 10 маусымда болған оқиғаны жазбауды өтінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева БАҚ өкілдерінен 10 маусымда болған оқиғаны жазбауды өтінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Атақты продюсер Баян Есентаева Instagram желісінде жазба қалдырды, онда Есентаева БАҚ өкілдерінен жеке өміріне араласпауды сұрайды. "Менің жағдайым керемет емес, менің балаларым бар, оларға ауыр. Мен БАҚ өкілдерінен 10 маусымда болған оқиғаның жай-жапсары туралы жазбауды өтінемін. Кез келген адам жеке бастың бостандығына құқылы, менің жеке өмірім - жеке болудан қалды, барлығы айқын. Менің үнсіздігім - ол өзімнің таңдауым. Уақыты келгенде барлығын өзім айтармын, басқа амалым қалмаған секілді", - деп жазды Есентаева Insatgram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Баян Есентаева 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Тергеудің мәліметінше, оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. Ер адам ұсталып, Талғар аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Кейін ІІБ өкілдері медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Бақытбек Есентаевтың мас болғанын айтты. Ол өз кінәсін мойындап отыр екен. Іс "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Есентаева ауруханада 10 күн болды, бірақ үйіне шыққаннан кейін де амбулатор тәртібінде ем алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети