Баян Есентаева казинода түсірілген атышулы видеороликке қатысты пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева казинода түсірілген атышулы видеороликке қатысты пікірін айтты Баян Есентаева. © instagram.com/bayanyessentayeva_ official

Қазақстандық белгілі продюсер әрі актриса Баян Есентаева әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жолдасы казинода дилерді соққыға жықты делінген видеоға қатысты пікірін айтты. YouTube қолданушылары ролик кейіпкерін продюсердің жолдасы Бақытбек Есентаевқа ұқсатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Есентаеваның айтуынша, ол видеоға жолдасының еш қатысы жоқ. "Иә, хабардармын. Видеоны көрдім. Айтарым, оған менің жолдасымның еш қатысы жоқ. Ол аттасы болуы мүмкін немесе біреу әдейі солай істеген. Ол менің жолдасым емес", - деді Есентаева. 

Видеоға қатысты қалдырылған пікірлерде "Баха Есентаев есімді мемлекеттік қызметкер "Карлтон" казино-отеліне 40 мың доллар ұтылды" делінген. Видеода тағы бір эпизод бар, онда ер адамның казино кассасынан 5 мың долларды қарызға сұрағанын көруге болады. Видеоның соңында тағы бір кадр көрсетіледі, онда 2015 жылдың 18 қазаны деп көрсетілген және ол жерде ер адам ойынханаға келген қонақтардың бірімен төбелеседі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети