Баян Есентаеваның ресми түрде ажырасқаны белгілі болды

?аза?станды? продюсер Баян Есентаева мен Ба?ытбек Есентаев ресми т?рде ажырасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы Алматы ?алалы? сотыны? баспас?з ?ызметіндегілер хабарлады.

Қазақстандық продюсер Баян Есентаева мен Бақытбек Есентаев ресми түрде ажырасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Белгілі продюсер өткен жылдың 22 тамызында ажырасқан екен. "22 тамызда Медеу аудандық соты талап қоюшы Б.Есентаеваның шағым-талаптарын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Б.Есентаев пен Б.Есентаевтың некесі бұзылды", - делінген соттың хабарламасында.

Сот өкілдерінің мәліметінше, продюсер Есентаева деген фамилиямен неке бұзған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Баян Есентаева өткен жылдың 10 маусымда ауыр жағдайда Талғардағы ауруханаға түскен болатын. Оны күйеуі Бақытбек Есентаев аяусыз ұрып-соғып, бірнеше рет пышақтаған. Бұл оқиға Еңбекші ауылының маңында Құлжа тас жолында болған. Кейін Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ал таяуда Баян Есентаеваның алматылық бизнесмен Тұрсынғали Алагөзовпен көңіл қосқаны белгілі болды. Бастапқыда бизнесмен бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазса, кеше, 22 қаңтарда продюсердің өзі оның ұсынысын қабыл алғанын мәлімдеді.


©instagram.com/bayanmaxatkyzy


© instagram.com/tursen_alaguzov 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама