Бақытбек Есентаев колонияға әлі жеткізілмеген

18 Қаңтар 2017, 18:01
0
Бақытбек Есентаев колонияға әлі жеткізілмеген -

Қазақстандық тележүргізуші Баян Есентаеваны өлтіруге оқталғаны үшін 9 жылға сотталған Бақытбек Есентаев әлі қатаң тәртіптегі түзеу колониясына жеткізілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта 9 жылға сотталған Бақытбек Есентаев Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Жазасын әрі қарай қалай өтейтінін уәкілетті орган шешеді", - деді ІІМ өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына жауап бере отырып.

ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде сотталушыны заңды күшіне енген сот үкімі шыққан соң колонияға он күн ішінде жабады делінген.

"Колонияға он күн ішінде жіберу міндетті емес. Адамдардың бір ай күтіп қалатын кездері болады", - деді адвокат Алма Мусина.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қарашасында Есентаеваның күйеуі 9 жылға сотталған болатын. "Есентаев Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал қалған екі бап бойынша ол ақталып шықты. Есентаевтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. "Біз апелляциялық шағым түсірмекшіміз, үкім негізсіз деп есептейміз (...) Ол дене жарақатын салды, адам өлтіруге оқталған жоқ, біз осыны дәлелдейміз", - деген еді адвокат Бекболат Жексейітов.

Айта кетейік, 13 маусымда Бақытбек Есентаев екі айға қамауға алынған болатын. Осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай