Бақытбек Есентаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды

03 Тамыз 2016, 12:11
0
Бақытбек Есентаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды - Бақытбек Есентаев пен Баян Есентаева © Instagram
Бақытбек Есентаев пен Баян Есентаева © Instagram

Сот белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтың қамау мерзімін 10 қыркүйекке дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар аудандық сотының кеңсе жетекшісі Асқар Қалмақбаевқа сілтеме жасап. 

Есентаев қазіргі уақытта Талғардың тергеу изоляторында. Қамау мерзімін ұзарту туралы шешімді Ілияс Мұхамедиұлы шығарды. Іс сотқа 29 шілдеде түскен, ал 30 шілдеде шешім шығарылған.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. Қазіргі уақытта Баян Есентаеваның денсаулығы жақсарып, ол жұмысын бастап кетті. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай