Әнші Николай Басков РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевпен бір кеште көңіл көтеріп, онымен бірге селфи түсірді, - деп хабарлайды Gazeta.ua. Ақпарат құралының хабарлауынша, әнші осы кеште Ресейдің басқа да саясаткерлерімен, шоу-бизнес жұлдыздарымен суретке түсіп, оларды әлеуметтік желілерге орналастырды.

Басков Алла Пугачевамен, Максим Галкинмен, композитор Игорь Крутоймен және оның әйелімен де суретке түсті. "Өте "Крутоймен" бірге тұрғанда өзіңді нағыз "Крутой" сезінесің", - деп жазды әнші фотосуреттің астына.
Еске салайық, өзінің алғашқы селфиін Ресей Үкіметінің басшысы маусым айында Интернетке орналастырған еді. "Саны 400 мыңға жеткен жазылушыларымның өтініші бойынша. Рақмет!" - деп жазды Медведев алғашқы селфиінің астына. Қысқа уақыттың ішінде бұл суреті 30 мыңнан астам "лайк" жинады. Айта кетейік, РФ премьер-министрі Instagram-мен бірге, Facebook, Twitter және "ВКонтакте" желілерінде де белсенді.