Ninety One тобы Zamandas подкасына қатысып, Түркістандағы концерттің неге болмай қалғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ninety One тобы Zamandas подкасына қатысып, Түркістандағы концерттің неге болмай қалғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Негізі, бүгін біз Түркістанда концерт қоятын болғанбыз. Одан бөлек, облыстық кітапханада жастармен кездесу жоспарда болды. Дегенмен, кеше бізге менеджеріміз хабарласып, Түркістандағы концерттің болмайтынын хабарлады. Себебін сұрасақ, сондағы халық әкімдікке шығып, бізді келмесін деп өтініш білдірген екен", - дейді топ мүшелері.
Қазақстандық бойзбенд Түркістандағы халықтың наразылығын өздерінің сыртқы имиджімен байланыстырады.
"Сол баяғы жыр. 2015 жылы басталған әңгімеге қайта оралып отырмыз. Шаштары боялған, сырға таққан жігіттерге сахнадан орын бергілері келмейді. Бұл бірінші рет болған жағдай емес, етіміз үйренді. Біз концертті кез келген жағдайда абыроймен өткізетін едік, бірақ ұйымдастырушылар мұндай жауапкершілікті мойындарына алғысы келмеді. Себебі бұл жерде жай ғана наразылық болған жоқ, шағымданғандар көтеріліске шығатынын, тіпті, басымызды кесіп алудан тайынбайтынын жеткізген, - дейді Ninety One жігіттері.
Айта кетейік, 28 мамырда Түркістанда Ninety One тобының концерті өтуі керек болған. Алайда, жергілікті тұрғындар Желі арқылы топтың концерт қоюына қарсылық білдірді. Көпшілік олардың рухани астанада өнер көрсетуі дұрыс емес деген мазмұнда пікір жазған.
Бұл жағдайға қатысты ұйымдастырушылар да пікір білдірген еді.
"Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындар наразылығын ескере отырып, шараны ұйымдастырушы "Керуен сарай" туристік кешенінің басшылығына концертті өткізбеу жөнінде ұсыныс жолдады. Кешен әкімшілігі бұл әншілермен келісімді бұзды", - деп хабарлады ұйымдастырушы компания.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!