Баян Алагөзованың қызы тұрмысқа шығатынын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Алагөзованың қызы тұрмысқа шығатынын жария етті © instagram.com/aissaulebakytbek

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбекке сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбекке сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айсәуле осыған байланысты Instagram желісінде сурет жариялады. 

"Бүгін мен әлемнің ең күшті жігітінің қалыңдығы болдым", - деп жазды ол сурет сипаттамасына.

Геолокацияға қарағанда, Айсәулеге сүйіктісі ұсынысын "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында жасаған.


© instagram.com/aissaulebakytbek

Мұның алдында Айсәуле сүйіктісінің есімі Әлішер екенін және онымен кездесіп жүргеніне көп болғаны жайлы жазба қалдырған еді. 

"Келешекте ойлаған арман-мұратымызға жетіп, тойымызда 50 Cent атақты Сandy shop әнін орындайды, достар естен танғанша ішіп, махаббатымыздың ыстық екені жайлы сөз сөйлейді (...) Бұл дүниеде барыңа рақмет. Әлішер. Менің ұлы арыстаным", - деп жазған Айсәуле.  

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети