Белгілі продюсер Баян Есентаева кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібековке ашық сұхбат берді. Қазақстандағы ең танымал әйелмен сұхбаттың видеосы YouTube желісінде пайда болды.
Белгілі продюсер Баян Есентаева кәсіпкер әрі блогер Бейбіт Әлібековке ашық сұхбат берді. Қазақстандағы ең танымал әйелмен сұхбаттың видеосы YouTube желісінде пайда болды.
"Сіздер Баянның неліктен әйелдердің күйеуіне қарап жүру керек деп кеңес бергенін, Қазақстанда тоқалдардың неге сыйлы екенін, депутат болғысы келе ме және бұрынғы күйеуінен шынымен де лайықты "сазайын алды ма" деген сұрақтардың жауаптарын білесіздер", - делінген роликтің жазбасында.
Сонымен қатар, Есентаева Әлібековке өзінің кітабы жайлы айтып берді, темекі шегетінін мойындады, ал Instagram желісіндегі парақшасында жарнама салу үшін миллион теңге сұрайтынын айтты. Парақшасында пікір қалдыру неліктен мүмкін еместігін түсіндірді. "Егер менің орнымда басқа бір әйел болса, ол баяғыда асылып қалар еді немесе 11-ші қабаттан секіріп кетер еді", - деді продюсер.
"Мен біреудің күйеуін тартып алушы емеспін. Керісінше біреулердің күйеулері мені аңдып жүреді. Менің қызым қытайлықты, немісті, французды немесе қазақты сүйіп қалса... мен махаббатқа жақпын. Мен ешқашан ешқандай ақша үшін тоқал болмаймын. Facebook желісінде менің атымнан ашылған аккаунтты кім жүргізетінін білмеймін. Мені біреулердің аяғанын, есіркегенін қаламаймын. Әркім өз еншісін алады. Мен өзімдікін алдым, мұндайды ешкім басынан өткергенін қаламаймын", - деді Баян Есентаева.