Баян Есентаева кітабының мұқабасын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева кітабының мұқабасын көрсетті Баян Есентаева фильмнің түсірілімінде

Белгілі продюсер Баян Есентаева кітабының мұқабасын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі продюсер Баян Есентаева кітабының мұқабасын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен сіздер білмегенді жаздым... ТАЯУДА", - деп Instagram желісінде жазған Есентаева кітабының мұқабасының суретін жариялады. Кітап "Баян. Обо мне и не только" деп аталады. 

Сондай-ақ, продюсер кітабының қазақ тіліндегі нұсқасының да шығатынын айтты. "Көп адам кітабымның қазақ тіліндегі нұсқасы бола ма деп сұрап жатыр. Әрине, бірінші кезекте", - деп пікір білдірді ол.

Ал осыған дейін ол автобиографиялық кітап жазуына ненің себеп болғанын айтып берген еді. 

Продюсер кітапты зейнетке шыққанда жазуды жоспарлағанын айтты. "Бірақ артық сұрақтар болмас үшін және барлығына нүкте қою үшін қоғам мені кітапты қазір жазуға мәжбүрледі. Менің жеке өмірім көбісін қызықтырғаны соншалық олар менің жеке өміріме араласып кетті. Мен мұндай қысымнан қорғана алмаймын, жасырыну да мүмкін емес. Мені барлығы көріп жүр. Сондықтан маған адамдардың менің өзінің артықшылығы мен кемшіліктері бар, жеңген және жеңілген де, қателіктері бар қарапайым әйел екенімді түсінуі үшін кітап жазуыма тура келді", - деп түсіндірген еді Баян Есентаева.

Продюсер кітапты төрт ай жазғанын айтты. Әзірше кітаптың қашан шығатыны белгісіз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети