Баян Есентаеваның үлкен қызы: "Қош бол, Борат!"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның америкалық университетте оқып жүрген үлкен қызы АҚШ пен Қазақстанның қандай айырмашылығы бар екені жайлы ойын бөлісті. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның америкалық университетте оқып жүрген үлкен қызы АҚШ пен Қазақстанның қандай айырмашылығы бар екені жайлы ойын бөлісті. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды. 

Қыз АҚШ-та "мақтау сөз айтудан тартынбайтынын және барлығы бір-біріне көмектесуге әзір тұратынын" айтып отыр.

"Америкаға келген сайын тұңғыш рет сияқты. Бұл отанымнан айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан шығар. Көшеде кетіп бара жатсаң, кез келген адам сөйлесе кетеді, тіпті итіңмен, өз-өзімен сөйлеп бара жатады, мұнда мақтау сөз айтудан тартынбайды және ұят демей барлығына көмектеседі. Мысалы таяуда достарымызбен администраторды қолдануды үйреніп алдық. Танысым фильмдерде ғана оңай көрінетінін айтты. Карта жасадық, оған ақша салдық (1 кір жуу = 1 $) кір жуғыш машинаны қалай қосу керек екенін түсіндік, сөйтіп, оған сұйықтық құя бергенімізде бір ер адам келіп, сабырмен ғана мұның жуу сұйықтығы емес, заттарды жұмсақ қылуға арналған кондиционер екенін айтып берді.

Сурет Venice Beach-те түсірілді, бұл да өзгеше жер, мұнда медициналық мақсаттарда марихуананы қолдануға рұқсат беретін "жасыл доктор" бар. Бізде мұндай болса қаншама жігіт түрмеде емес, осылай-ақ өмір сүре берер ме еді? Бұл жағалауда шығармашыл далакезгендерді де байқамау мүмкін емес. Олар жағалауда отырып, ләззат алады: сурет салады, түрлі музыкалық аспапта ойнайды, мүсін сатады және иттерін еркелетіп жүреді. Бұл жақтың қаңғыбастары біздің елдегіден де жақсы өмір сүретіндей. Күн сайын ұйықтайтын жер табуына ақша береді екен, тегін тамақтанатын да жер бар. Сөреде тұрған әйелдердің іш киімі де таңғалдырды. Онда "Fuck Trump" деп жазылып тұр. Демократия ма, әлде тым шектен шыққандық па?", - деп жазды 21 жастағы Айсәуле Бақытбек. 


© instagram.com/aissaulebakytbek

Кейбір оқырмандары Айсәулені дереу патриот емессің деп сынай бастады. "Онда сонда қала бер", "Отан қандай болса да отан болып қалу керек", "Әр елдің артықшылығы мен кемшілігі болады", "Біздің менталитетіміз бөлек" деп пікір жазып жатыр кейбірі. 

Алайда Есентаеваның қызы бұған да жауап берді: "Мен тіпті де таңғалып отырғаным жоқ... Адамдар бір оқыған дүниесін басқаша түсінетініне етім үйренген. Америка жайлы жазсам, Отанды жеккөреді екенмін. Некесіз туу ұят емес десем, өзімді "некесіз жүкті боп қалыпты" деп шығарады. Көп сөйлемейін. Бұл біздің балкон. Балконнан үлкен байрағымыз желбіреп тұр. Мұнда кімнің тұратынын білсін. Айтпақшы, бүгін ғана Қазақстан десе, ойларына бірден Борат емес, triple G келетін болғанын талқылаған еді. Рақмет, Гена! Қош бол, Борат!", - деп жазды ол. 


© instagram.com/aissaulebakytbek

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer