21 қазан 2016 21:13

Баян Мақсатқызы: Ол түрмеде көпті түсінді, онымен дос болып қалғым келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Мақсатқызы. © Kazpravda.kz Баян Мақсатқызы. © Kazpravda.kz

Баян Мақсатқызы өзінің шешімі туралы блогер Эльвира Ергалинаға айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Баян Мақсатқызы өзінің шешімі туралы блогер Эльвира Ергалинаға айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бақытбек Есентаевтан соққы көрген белгілі продюсер дау-дамай мен негативте өмір сүргісі келмейтінін мәлімдеді. Айтуынша, бұрынғы күйеуі тергеу абақтысында көп жағдайды түсінген. Сонымен қатар, ол достарының, туыстарының тарапынан қысым болса да бұл шешімінің тек өзіне тиесілі екенін айтты. Ол өз шешімін бірден сынаған қоғамның пікірін ескермегенін мәлімдеді.  

"Бұл менің ғаша шешімім. Себебі біздің балаларымыз бар, мен 22 жыл бойы осы адаммен өмір сүрдім, ол жақсы күйеу әрі әке бола білді, бұдан аттап өтіп кете алмадым, - деді Мақсатқызы Ергалинаның сұрағына жауап бере отырып. - Құдайдың өзі кешіреді, ал біз кімбіз сонша? Біз топырақтың түйіріндейміз. Кешіру - бұл адамның қарапайым шешімі".

Баянның айтуынша, мұндай шешімді қабылдау үшін оған 4 ай қажет болыпты. "Қоғам әрқашан көзқарасыңды қолдай бермейді. Біреу ақтап жатады, ал біреу сынайды. Бірақ ештеңе өзгермейді. Мен ешкімнің пікірімен санаспадым. (...) Өмір бойы үрейде өмір сүруге болады. Біз адам секілді сөйлестік, онымен дос ретінде қалғым келеді, себебі балаларымыз бар. Менің бұрынғы күйеуім абақтыда 4 ай болды, осы уақытта ол ісіне өкініп, бәрін түсінді. Түрмеде болу - ең қиыны", - деді продюсер. 

Блогер Мақсатқызынан әйелдердің құқығын қорғау жөніндегі ұйым құру туралы ойын сұрады. Ергалина әйелдердің одан үлгі алғанын, ал қазір қоғамның одан көңілі қалғанын атап өтті. "Менен үлгі алғанын қаламаймын, не мінсіз біреу деп елеп, шек қойғанын қаламаймын. Мен де жүрегі, жаны, аяқ-қолы бар қарапайым адаммын. Әркім шешімін өзі жасайды, әр отбасының өз жазғаны бар. Менен үлгі алудың қажеті жоқ. Бірақ мен өз ойымды жүзеге асырамын, осы ұйымды құрамын", - деді Баян Мақсатқызы. 

Сондай-ақ, Эльвира Ергалина Tengrinews.kz тілшісіне сұхбаттан алған әсерін айтып берді. Айтуынша, продюсер бірнеше келіге арықтапты. "Көңіл-күйі жақсы. Сұхбатқа бірден келісім берді, қатты өзгеріп кеткендей болды... Басқа адам. Баян осыған дейін 52 келі болса, қазір 49 келі болып қалғанын айтты. Ал ауруханадан шыққанда 42 келі болыпты, қазір өз-өзіне келіп жатыр. Күліп, емен-жарқын жүрді, жағдайы жақсы", - деді Ергалина. 

Ергалинаның сұхбатының толық нұсқасын Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети