Баян Мақсатқызы өз сөзі үшін кешірім сұрады

09 Шілде, 09:17
0

Белгілі продюсер, актриса Баян Мақсатқызы Қазақстанның сот жүйесіне қатысты айтқан пікірі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Еліміздің сот жүйесін сынау оңай болып кетті. Таяуда өзім де осындай "құбылыстың" қатысушысы болдым. Алайда адам қателеседі. Мен де. Құпиямды айтайын, менің қатем өзімді қуантты. Себебі әділдік - ең жақсы сый", - деп жазды ол. 

"Ел билігіне жоспарлы іс-қимылы үшін рақмет айтамын... Заңның үстемдігіне, айналамызда да, өзімізде де шыншылдыққа, әділдікке ұмтылуымыз керек! Сот жүйесіне қатысты айтқан теріс пікірлерім үшін кешірім сұраймын және бұдан былай Фемиданың шешіміне бірде-бір қазақстандық налымайды деп сенемін", - деді продюсер.

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай