Баян Мақсатқызы Тұрсыновқа жауабы, операциялары және күйзелісі туралы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

viewings icon 13785 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Баян Мақсатқызы, Ләйлә Сұлтанқызы. "The Эфир" жобасы Баян Мақсатқызы, Ләйлә Сұлтанқызы. "The Эфир" жобасы

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбатында Баян Мақсатқызы продюсер мамандығының қиындықтары мен қыр-сырын, ұстаздарын, танымалдыққа оңай жету туралы әңгімеледі. 

"Мен бұл мәселеге философиялық тұрғыдан қараймын. Мен мысалы 20 жыл бұрын туған болсам, қазір танымал болып отырар ма едім, қазір технологиялар басқа. Қазір сәл ғана ақылың, мәнерің, әртістігің болса, неге қарсы болуым керек? Бұл супер, күшті (...) Мысалы біздің кейбір блогерлер сияқты жасауға болады, төсіңді аштың, танымал бола кеттің. Қиын түгі де жоқ қой. Артыңды аштың, танымал болып шыға келдің. Ал мұны қоғамға пайдалы болатындай жасауға мүмкіндік бар. Мұның бәрі енді жастық шақтың мәселесі ғой, уақыт өте түсінесің", - дейді продюсер.

Сондай-ақ, ол қазір қоғамның айыптауға құмар екенін атап өтті. 

"Неге екенін білмеймін, бәріміз әлдекімді талқылағанды жақсы көреміз, бастысы айыптауға құмармыз. "Күнәсіз болсаң, тас лақтыр" деп Христос (Иса пайғамбарды айтады - Авт.) айтты-ау деймін. "Біреуге ор қазба, өзің түсесің" деген сөз бар. Бірақ көбі бұл сөзді қабылдамайды. Осындай сіз жүргізетін бағдарламалардың болғаны жақсы, себебі ойыңды жеткізе аласың, бірінші кезекте өзіңе қара деп айта аласың", - дейді ол.

Әңгіме арасында Баян Мақсатқызы әке-шешесінің ұрысқанын ешқашан естімегенін айтты.

"Ешқашан. Қандай отбасыда өскенімді елестетесің бе? Әкем зиялының нақ өзі. Мың пайызға. Мен оның балағат сөз айтқанын естіп көрмегенмін. Анама дауыс көтергенін естіп көрмеппін. Жасым 45-те. Осындай отбасыда тәрбие көрдім", - дейді Мақсатқызы. 

Продюсер қыздарының қазақтың салт-дәстүрлерін жақсы білетінін де әңгімеледі. 

"Білгенінше. Қазақтың оюларының бәрін атап береді деп айта алмаймын. Ондай деңгейге дейін емес, бірақ дәстүрлі дүниенің бәрін біледі. Бірақ оның адамдығын бұдан анықтай алмайсыз. Жаман адам бола жүріп те дәстүрді сақтауға болады. Әдемі болып көрінуге болады. Дәстүрлі білетін адамға құр ұқсағанша, игі іспен айналысқан дұрыс", - деп ойын жеткізді жоба қонағы. 

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы елдегі кино өндірісі, құдайға сенуге қатысты, жасатқан көптеген операциясы, қазақстандық бірде-бір жаңалық порталына жазылмағаны және әлеуметтік мәселелермен айналысқысы келетіні жайлы әңгімелейді. 

Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro