Бейнебаянында есірткі бизнесіне қатысы барын айтқан рэпер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнебаянында есірткі бизнесіне қатысы барын айтқан рэпер сотталды видеодан үзінді

Сот ұлыбританиялық рэпер Trapstar Toxic-ті (шын есімі - Адетокунбо Аджибола) сату мақсатында есірткі сақтағаны үшін бес жылға сотталды. Ол өзінің "кәсібі" жайлы бейнебаянда айтқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Скотланд-Ярдқа сілтеме жасап. 

Сотта 26 жастағы әншінің кокаин мен марихуананы сату мақсатында сақтағаны дәлелденді. "Есірткі саудасы көрсетілген Out Ere бейнебаяны сотта айғақ ретінде көрсетілген", - делінген лондондық полиция хабарламасында. Әннің сөзінде "федералдар келген жағдайда - ол бір қадам алда болатыны" айтылған. 

25 сәуірде полиция қызметкерлері Аджиболенің үйінде тінту шараларын өткізген. Рэпер екінші қабаттың терезесінен секіріп, жасырынбақшы болған. Ол гараждың шатырында ұсталды. Музыканттың үйінде есірткі, 13 мың фунт стерлинг, әшекейлер мен қымбат киімдер табылған.

 Лондонның Харроу ауданында сотта рэппер барлық пунктер бойынша өз кінәсін мойындағаны айтылады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети