14 шілде 2017 13:52

Бейонсе егіз балаларының суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал америкалық әнші Бейонсе жаңа туылған сәбилерінің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Instagram желісіндегі парақшасында ол егіздерімен түскен суретін жариялады. Осыдан бір ай бұрын туылған егіздердің шынымен дүниеге келгенін осылайша көрсетуді жөн көрген. 

Бейонсе мен рэпер Jay-Z ұл Сэр Картер мен қыз Румидің ата-анасы атанды. Басында жұлдызды жұп егіздердің дүниеге келгенін жасырып келген, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен отбасы мүшелері ғана тілдесіп жүрген. Алайда 14 шілдеде әнші жартылай жалаңаштанған күйде екі баласын ұстап суретке түсіп, әлеуметтік желіде жариялады. Бұл үшін Бейонсе арнай кәсіби фотоссесия ұйымдастырғанға ұқсайды. 

"Сэр Картер мен Румиге бүгін бір ай толды", - деп жазды әнші. Жарияланғаннан кейін бір сағаттан соң осы пост екі миллионнан аса лайк жинап, 100 мыңдай пікір жазылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети