ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2021 | 18:54
"Дәл мені ұстағысы келді ме, білмеймін" - Қайрат Нұртас даулы видеосы туралы
Әнші Қайрат Нұртас тойда жүрген даулы видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде Stories-те жариялаған видеосында айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Қайрат Нұртас тойда жүрген даулы видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram желісінде Stories-те жариялаған видеосында айтты.
"Ассалаумағалейкүм, қалайсыздар. Кеше бір ағамыздың туған күніне барып едік. Сол дәл мені ұстағысы келді ме, білмеймін әйтеуір, маған қарап қалды ма, бірақ Алланың көзі тура болсын. Құдай бар ғой. Жақсылық болсын", - деп қысқа ғана пікір білдірді Қайрат Нұртас.
Айта кетейік, Almaty.tv телеарнасы мейрамханада көңіл көтерген Қайрат Нұртас пен Кенжебек Жанәбілов туралы сюжет жариялаған. Қалада мереке күндері жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталғанын хабарлап, мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеру мекемесінің ішіне 3 сағат дегенде әзер кірген болатын. Мекеме ішінде Қайрат Нұртас болғаны анықталған еді.
Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 31 307-ге жетті. Оның ішінде, 26 169 адам аурудан айыққан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также