Қайрат Нұртас Алматыда тойда жүрген сәтінде ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Almaty.tv © Almaty.tv

Қалада мереке күндері жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталды. Мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат дегенде әзер кірді. Ең қызығы, карантин талаптарын сақтамаған қонақтардың арасында елге танымал әншілер мен әртістер де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қалада мереке күндері жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталды. Мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат дегенде әзер кірді. Ең қызығы, карантин талаптарын сақтамаған қонақтардың арасында елге танымал әншілер мен әртістер де бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. 

Оқиға Медеу ауданында болған. Қаладағы барлық тексерушілер аяғынан тік тұрып, есікті ұзақ уақыт ашпаған мейрамхананы 3 сағат қоршауда ұстады. Телеарна тілшісінің айтуынша, бір қарағанда мейрамхана жабық сияқты. Терезелерін жарық көрінбейтін етіп қараңғылап тастаған. Бірақ сыртта көлік көп. Біреуінің иесі, темір тұлпарын қалай болса солай қоя салған. Жол ережесі өрескел бұзылғандықтан, мамандар эвакуатор шақыртып, көлікті алдыртып тастады.

"Күтпеген жерден іштегі қонақтардың бірі есікті ашып берді. Барлық келуші әр бұрыш-бұрышқа, тесікке тығылып үлгеріпті. Алайда ешкім құтыла алмады. Ең қызығы олардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас та бар.  

Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге де тап берді. Тіпті, біздің арнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысты. Кінәні өзінен емес өзгеден іздеуге тырысып баққан арандатушылар да табылды", - дейді тілші.    

Кейін мамандар жарықты қосып, іштегі барлық бөлмені аралап шыққан. Ақпарат бойынша, бұл жерде туған күн кеші өтіп жатқан. Оған қоса, қатаң түрде тыйым салынған қор-қор да шегілген. Іздеу жұмыстары аяқталған соң келушілер қызметтік көлікке тиеліп, полицияға біртіндеп жеткізілді. Журналистің айтуынша, сонда да қарсылық танытқандар болды.

"Мейрамханада адам саны өте көп. Олар карантин талаптарын бұзғаны аздай, жол ережесін де сақтамаған. Көліктерді жолға дұрыс қоймаған. Қазіргі таңда қалада тексерістің күшейтілгенін тағы да ескерткім келеді. Денсаулығымызды ойлап, үйде отырайық. Рейд жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді", - деді СЖҚК агенттігі жанындағы арнайы республикалық мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов.

Кәсіпкерлік нысанда 200-ден аса адам болғаны анықталды. Барлығын Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтың 425-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Келушілер мен мекеме қызметкерлеріне 87 мың көлемінде, кәсіпкерге 670 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer