26 наурыз 2021 11:12

Тойда ұсталған Қайрат Нұртас қалай жазаланғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео скриншоттары Видео скриншоттары

Алматыда карантин кезінде тойда ұсталған әші Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда карантин кезінде тойда ұсталған әші Қайрат Нұртасқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, әншіге 30 АЕК яғни 87 510 теңге айыппұл салынған. 

"Алматы қаласындағы рейд барысында мониторингтік топ 80-нен аса адам қатысқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде іс-шаралар өткізу дерегін анықтады.

Олардың ішінде, әнші Қайрат Нұртас та болды. Әнші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция басқармасына жеткізілді. Бәріне 30 АЕК айыппұл салынды", - деді әкімдік өкілдері. 

Еске салайық, кеше, 25 наурызда Алматыда мереке күндері жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталған болатын. Мониторингтік топ пен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат дегенде әзер кірді. Ең қызығы, карантин талаптарын сақтамаған қонақтардың арасында елге танымал әншілер мен әртістер де бар болған. 

Оқиға Медеу ауданында болған. Қаладағы барлық тексерушілер аяғынан тік тұрып, есікті ұзақ уақыт ашпаған мейрамхананы 3 сағат қоршауда ұстады. Телеарна тілшісінің айтуынша, бір қарағанда мейрамхана жабық сияқты. Терезелерін жарық көрінбейтін етіп қараңғылап тастаған. Бірақ сыртта көлік көп. Біреуінің иесі, темір тұлпарын қалай болса солай қоя салған. Жол ережесі өрескел бұзылғандықтан, мамандар эвакуатор шақыртып, көлікті алдыртып тастады.

"Күтпеген жерден іштегі қонақтардың бірі есікті ашып берді. Барлық келуші әр бұрыш-бұрышқа, тесікке тығылып үлгеріпті. Алайда ешкім құтыла алмады. Ең қызығы олардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас та бар.  

Әншіні көлеңкелеуге тырысқан күзетшілер тілшілерге де тап берді. Тіпті, біздің арнаның операторына шабуыл жасап, камераны сындыруға тырысты. Кінәні өзінен емес өзгеден іздеуге тырысып баққан арандатушылар да табылды", - деді "Алматы" телеарнасының тілшісі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети