09 қазан 2018 13:04

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" байқауына дайындаған клипін таныстырды

Данэлия Төлешова.

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі - 2018" халықаралық байқауына дайындықты бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық әншінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі - 2018" халықаралық байқауына дайындықты бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық әншінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 12 жастағы Данэлия күнделікті вокалмен айналысып жүр, алдағы уақытта оны көптеген түсірілім мен дайындық жұмыстары күтіп тұр.

Реклама
Реклама

"Eurovision Junior байқауына қатысудағы талаптардың бірі - байқауға қатысу үшін ән орындаудан бөлек, видеокомпозиция дайындау керек. "Өзiңе сен/ Seize the time" клипі Қазақстанның көрнекі жерлерінің бірі Шарын шатқалында түсірілді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Біз осында отбасымызбен жиі боламыз. Онымен қоса, Евровидение қатысушыларының еліміздегі тамаша жерлерді көргенін қалаймын. Шарын шатқалы ерекше, меніңше, ол клип үшін тамаша жер. (...), - дейді әншінің өкілі.

Данэлия Төлешованы қолдауға және түсірілім жұмыстарын бастауға Дана Орманбаева мен Даут Шайхисламовтың басшылығымен режиссерлер мен операторлардан кұралған кәсіпқой команда кірісті.

Еске сала кетейік, 10 жастағы Дәнелі Төлешова Украинадағы байқауда жеңімпаз атанған болатын. Суперфиналда Дәнелі "Не твоя війна" әнін орындап, залда отырған біраз адам және өз ұстазы Дима MONATIK көзіне жас алған еді.

Ал кейінірек Дәнелі Төлешованың анасы қызының алдағы жоспарлары жайлы айтып берген болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram