Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің үстінен арыз түсірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің үстінен арыз түсірді

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова даулы сұхбаттан кейін бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевқа қарсы арыз жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова даулы сұхбаттан кейін бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевқа қарсы арыз жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қазанда "Уақыт көрсетеді" YouTube арнасында актер Дархан Мұсаевтың сұхбаты жарияланды. Ол Дариға Бадықовамен неге ажырасқанын, 16 жылдық отбасылық өмірі туралы айтты.

Кейінірек актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады.

"Киномның алдында, сонша төккен еңбегімнің, адал терімнің алдында өмірімді күлге айналдырмақ болған әрекет тек мені емес, өнердің өзін де қорлау деп білемін. Мен халыққа жеке өмірімді емес, жүрегімді, еңбегімді, өнерімді ұсынып келдім. Әрдайым өнер бөлек, жеке өмір бөлек деген позицияда болдым. Әйтпесе хайп қуамын десем айтар нәрсе жетеді менде де! ...Менің де шындығым бар және ол шындық та айтылар күнге жетті. Осы күнге дейін көп нәрсені жасырып жүрдім", - деді ол.

Бүгін заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек актриса бұрынғы жұбайының үстінен арыз түсіргенін мәлімдеді.

"Дариға барынша сабырлық пен түсіністік танытып келді. Бірақ отбасылық құпияны жария ету, жеке хат алмасулар мен аудио-видеожазбаларды көпшілікке таратамын деп мәлімдеу - адамның ар-намысына тиіп қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін әрекет! Мұндай әрекет - бопсалау мен қысым көрсетудің айқын көрінісі. Бүгін біз Дарханның үстінен ресми түрде арыз түсірдік. Енді бәрі заң аясында, құқықтық алаңда шешіледі деп сенеміз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети