23 қараша 2016 23:11

Дәулет Тұрлыханов пен Niney One өкілдері Желіде тараған аудиожазбаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/daulet_turlykhanov_official / instagram.com/ybedelkhan/ © instagram.com/daulet_turlykhanov_official / instagram.com/ybedelkhan/

Олимпиада ойындарының жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов пен Niney One өкілдері Желіде тараған аудиожазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Олимпиада ойындарының жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов пен Niney One өкілдері Желіде тараған аудиожазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін Интернетте Дәулет Тұрлыханов пен Ерболат Беделханның атынан сөйлескен адамдардың аудиожазбасы пайда болған еді. Жарияланған аудиожазбада өзін Дәулет Тұрлыханов деп таныстырған адам Ерболат Беделханға Ninety One тобы үшін сөгіс айтады. "Немене шулатып жүрсіңдер, тепсе темір үзетін жігіттер ғой балалар, (...) шетелдіктерге ұқсайды ғой түрлері, шетелге кетіп қалсын", - дейді ер адам. Бұған топтың продюсері делінген адам мақұлдап, келіскендей болады.

Редакциямызға Niney One тобының өкілдері хабарласып, бұл видеоға қатысты пікірін білдірді. "Қазір топтың продюсерінің айналсында болып жатқан оқиғаның барлығы - қастық әрекеттер. Оны кімнің жасап жатқанын біз әзірше білмейміз. Ең қызығы Ерболат Беделханның даусын шебер салыпты, тіпті біздің өзіміз өз құлағымызға сене алмадық. Соңғы уақытта біздің айналамызда шу шығып жатқаны ешкімге де жасырын емес. Біз барлығына да түсініп қараймыз", - дейді топтың продюсерлігімен айналысатын Juz Media компаниясының өкілдері.

Сондай-ақ, олар топ тарайды деген қауесетті де жоққа шығарды. "Барлық жетістікке еңбекпен, қажыр-қайратымызбен жеттік. Қазір де қажыр-қайратымыз бар. Үндемесек, бұл сахнадан кетуімізді білдірмейді. Біз жұмыс барысындамыз, еңбектеніп жатырмыз, себебі мақсатқа жетуіміз керек. Сондықтан ресми түрде айтамыз, Niney One тобын тарату Ерболат Беделханның жоспарында жоқ. Біз бір отбасымыз. Бірге бастадық, шоу-бизнестегі жолымызды бірге жалғастырамыз", - деп пікір білдірді Niney One өкілдері.

Өз кезегінде Дәулет Тұрлыханов та Instagram желісіндегі ресми парақшасында бұл аудиожазбадағы дауыстың өзіне тиесілі емес екенін айтты. "Құрметті оқырмандар! Мен Ninety One тобына ешқандай да сөгіс айтқаным жоқ, топ продюсері Ерболат Беделхан екеуміздің арамызда ешқандай да əңгіме болған емес", - деп мәлімдеді Дәулет Тұрлыханов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети