Comode.kz порталы денесіне түрлі тату салдырған әншілердің топтамасын ұсынды.
Comode.kz порталы денесіне түрлі тату салдырған әншілердің топтамасын ұсынды.
"Бүгінде денеге түрлі суреттерді салып, тату жасату сәнге айналған. Әсіресе, адамның көзі түсіп, назарын аударатын суреттерді денеге түсірген әншілердің тізіміне зер салып көрейік", - делінген жарияланымда.
Біреулер есімін өзге тілде жаздырса, енді бірі түсініксіз суреттерді денесіне салдырғанды жақсы көреді. Дегенмен әр суреттің өз мағынасы бар. Сол сияқты шоу-бизнес өкілдерінің арасында да тату жасатуға жаны құмарлар бар екен.
1. Дилани
Денесінің біраз бөлігіне сурет салдырған қазақстандық рэпер Дилани тату жасатуды 11 сыныптан бастаған екен. Содан бері сурет салуды тоқтатпаған ол, оң және сол қолына айдаһар мен көк барысты, арқасына бүркіттің суретін жасатыпты. Мойнына өз есімін жаздырған әнші, ағылшын тілінде Always the best for me сөзін көкірегіне салдырған.
2. Шамси
Үнемі махаббат туралы жырлайтын әнші, қолына кішкентай ирелеңдеген суретті салдырған. Оның қандай мағынада, ненің суреті екені белгісіз.
3. Луина
"Х-фактор" бағдарламасынан кейін тұмар ретінде қолына сурет салдырған Луина, ешқашан өкінбейтінін жеткізген. Бейнеленген ноталар, әншінің тағдырын анықтаған сияқты.
4. Турал
Он бес жасында алғаш рет "жұлдыз" деп жаздырған Турал, кейін әке және ана деген сөздерді ағылшын тілінде жазып салдырған. Музыкаға, сүйіктісіне деген махаббатын жұлдызшалар арқылы білдіруді жөн көріпті.
5. Мақпал Исабекова
Әнші аяғының төменгі бөлігіне бірнеше кішкентай жұлдыздардың суретін салғызған. Мақпал жұрттың өсегіне қалудан жалықты ма, әйтеуір сурет түскен аяғын көп көрсете бермейді.
6. Закир
Білгіштердің айтуынша "До-ми-но" тобының мүшесі Закирдың екі қолында father деген жазу бар. Анық көрінбейтін жазудың шын мәнінде қандай сөз екені белгісіз.