13 қазан 2017 | 16:17

Despacito клипі рекорд орнатты. Қазіргі қаралым саны 4 миллиардтан асып тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Cleepr.ru © Cleepr.ru

Пуэрто-риколық әншілер Луис Фонси мен Дэдди Янкидің Despacito әніне түсірілген клипі он айда YouTube видеохостингінде төрт миллиардтан астам рет қаралып, рекорд орнатты. Бұл осыншалықты жиі қаралатын алғашқы ролик, - деп хабарлайды "Life.ru".


Иконка комментария блок соц сети

Пуэрто-риколық әншілер Луис Фонси мен Дэдди Янкидің Despacito әніне түсірілген клипі он айда YouTube видеохостингінде төрт миллиардтан астам рет қаралып, рекорд орнатты. Бұл осыншалықты жиі қаралатын алғашқы ролик, - деп хабарлайды "Life.ru".

Ролик 12 қаңтарда жарияланған болатын. Despacito стриминг-сервистерде де ең жиі тыңдалатын ән болып шықты. 

Әнші Луис Фонси "инстаграм" желісіндегі өз парақшасында клипке дауыс бергендердің барлығына алғысын білдірген. Сонымен қатар, ол клиптің кадрлары дауыл кадрларымен кезектесіп келетін видео жариялаған. 

"Төрт миллиард қаралым жинап, тарих жазып отырмыз, бірақ, біз тойлау орнына клип түсірілген жерді қалыпқа келтірумен айналысуды жөн көрдік", - деп жазыпты әнші. 

Еске салайық, мұның алдында пуэрторикалық музыканттар Луис Фонси мен Дэдди Янкидің Despacito әніне түсірілген клип Youtube желісінде жарты жылдың ішінде үш миллиардтан аса рет қаралған. Оның алдында рекорд Wiz Khalifa және Чарли Путаның See You Again әніне тиесілі. Ал ұзақ мерзім бойы, яғни бес жыл бойы рекордты қаралымды оңтүстіккореялық PSY Gangnam Style әнімен жинаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети