Әнші Дильназ Ахмадиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қорлау мәніндегі пікір жазған қолданушыны сотқа береді. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.
Әнші Дильназ Ахмадиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қорлау мәніндегі пікір жазған қолданушыны сотқа береді. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.
"Айтыңыздаршы, адамдар! Осындай адамдар қашанға дейін біздің елімізді ұятқа қалдырып жүреді? Менің қазір жасым қаншада? Мен ересек адаммын, Қазақстанда - көп ұлтты елде, ашық аспанның астында дүниеге келдім!!! Осы уақытқа дейін осында тұрып жатырмын! Менің "Ұлтым" кімге кедергі келтіріп жатыр? Қандай адамсыздар өздері? Сіздер өздерінің осы ел үшін ештеңе де істеген жоқсыздар, отырып алып біздің елімізідң мәдениетін таныстырып жүрген адамдарды қорлайсыздар! Өте өкінішті! Неге осындай адамдар менің ұлтымды осылай қорлайды???? Оларға кім құқық берді? Мен сотқа беремін! Және бұл бірінші рет болып отырған жағдай емес! Оларды аяймын, олар өздерінің ата-аналарынан, күйеулерінен, әйелдерінен және тағы да басқа адамдардан қорқатын аянышты адамдарға айналып жатыр!!! Мен осы күресті жалғыстырамын! Маған сәттілік тілеңіздер!", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кейбір қолданушылар оларды "хейтерлер" деп атап, әншіден оларға назар аудармай-ақ қоюын сұрады.