Димаш Құдайберген Men's Health журналының мұқабасына шықты

01 Наурыз 2017, 19:38
0
Димаш Құдайберген Men's Health журналының мұқабасына шықты - Men's Health журналының мұқабасы
Men's Health журналының мұқабасы

Қытайдағы I Am a Singer байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген Қытай және Азия елдеріне тарайтын Men's Health журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Weibo қытайлық микроблогтар сервисінде пайда болған суретте журналдың мұқабасында тұрған Димаш Құдайбергенді көруге болады. Басылымның мерзіміне қарағанда, журналдың бұл саны биылғы наурызда шыққан. Ал қытайша жазылған мәтінде Димаш Құдайбергеннің "Мен әлдеқашан жеңіске жетіп қойған адаммын" деген сөзі бар.

Men's Health журналының қытайлық нұсқасы ерлерге арналған басылым. Журнал өкілдері "кез келген заманауи ер адамға кеңес бере алатынын" жазған. Басылым 2003 жылдан бастап шығып келеді, журналдың географиясы - ұлттық және жартылай ұлттық. Айта кетейік, басылым тек қытай тілінде тарайды және айына бір рет шығады.

Осының алдында Димаш Құдайберген Southern Metropolis Daily журналының да мұқабасына шыққан болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай