14 тамыз 2017 | 13:49

Динара Сәтжан жүргізген ұтыс ойынында дау шықты: Қолданушылар сиқыршының әрекетіне наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Динара Сәтжан тон тігілген ұтысты әділетсіз болды деп айыптағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Динара Сәтжан тон тігілген ұтысты әділетсіз болды деп айыптағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында Instagram желісінде Желі қолданушылары белгілі тележүргізушіні тон тігілген ұтыс ойынының жеребесін алдап өзгертті деп айыптаған еді. Астанада өткен бұл ұтыс ойынының видеосынан қолданушылар билет нөмірін ауыстырған делінген адамның әрекетін талқылаған. 

Өз кезегінде Динара Сәтжан бұл шараға шын мәнінде қатысқанын, бірақ жүлде ұтыстарымен байланысы жоқтығын мәлімдеді. 

"Бұл шараға мені жүргізуші ретінде шақырды. Менің міндетім компанияның тарихын айтып, амбассадор мен әртістерді таныстыру еді. Ұтысты иллюзионист ойнатуы тиіс еді, ал мен жүлделерді табыстауым керек болған. Жеребе қағаздарын ауыстырып жіберді деп мені айыптамауларыңыз керек. Өз басым бәрі әділ өтеді деп сендім. Тонды қарағандылық қыз жеңіп алды, ол кейін жүлдесі туралы Instagram желісінде жазды", - деді ол тілшімізге берген сұхбатында. 

Сонымен қатар, ол Желі қолданушыларының мұндай дау шығарғанына таңғалғанын айтты. 

"Бүкіл ел қатысқандай дүрлігіп кетті. Ең қызығы, видеоны түсірген де, монтаждаған да корпоративтік компания. Ешкім ештеңені байқамады. Соған қарағанда осы аккаунттан видео Желіге таралған. Адам көп емес еді, ары кетсе қырық. Нәтижесінде жүлделерді қонақтардың жарысы ұтып алды", - деді Динара Сәтжан. 

"Басқа адам жүргізуші болса бұл таныстырылымға ешкім де назар аудармас еді деп ойлаймын. Мені әділетсіз ұтыс ойнаттың деп те айыптаудың қажеті жоқ, мен шараларда жүргізуші боламын. Бұдан былай сақ боламын", - деді тележүргізуші.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети