Джеки Чан Димаш Құдайбергенге актерлік мансапта болашағы зор болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Джеки Чан Димаш Құдайбергенге актерлік мансапта болашағы зор болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірде теледидарды қосып, Димаш сияқты тамаша әншіні көріп қалдым. Ол өзінің ерекше жоғары даусымен ән айтып жатты. Бүкіл жұртты және мені де таңғалдырды. Сосын мен оның менің жанкүйерім екенін білдім. Онымен кездескеніме қатты қуандым. Димаш болашақта кинематографияның жарық жұлдызы атанады деп сенемін", - деді актер Астанада қазақстандық БАҚ-тармен өткен кездесу барысында.
Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды.
Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр.