Джонни Депптің бұрынғы әйелі актерге жала жапқаны үшін сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джонни Депптің бұрынғы әйелі актерге жала жапқаны үшін сотталуы мүмкін

Актриса, танымал Голливуд актері Джонни Депптің бұрынғы әйелі Эмбер Херд жала жауып, жалған көрсеткіш бергені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tribune.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актриса, танымал Голливуд актері Джонни Депптің бұрынғы әйелі Эмбер Херд жала жауып, жалған көрсеткіш бергені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tribune.

Жұлдызды жұп "Ромовый дневник" фильмінің түсірілімі кезінде танысқан, онда Джонни Депп басты рөлді ойнаған болатын. Үш жыл бойы Голливуд актерлері кездесіп жүріп, 2015 жылдың ақпан айында қырым-қатынастарын заңдастырды. Алайда, бір жылдан кейін Эмбер ажырасуға арыз жазды, ол актермен үнемі жанжалдасатынын және оның қол көтеретінін айтқан. Актриса Депптен оған өтемақы ретінде 7 миллион доллар төлеуін талап етті. Оның қойған талаптары қанағаттандырылды, ал актердің беделіне нұқсан келді.

Кейінірек Джонни Депп бұрынғы әйеліне қарсы арыз берді. Актердің айтуынша, Херд денесіндегі көгерген іздерді жасау үшін опа-далап қолданған. Енді Депп бұрынғы әйелінен 50 миллион доллар көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Ақпарат бойынша, сотта Депп жеңсе, Эмбер үш жылға түрмеге қамалуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети