Джеки Чан Астанада Димаш Құдайбергенмен бірге ән айтты

Джеки Чан Астанада Димаш Құдайбергенмен бірге ән айтты Димаш Құдайберген мен Джеки Чан

Астанада ?аза?стан-?ытай кинофестивалі аясында белгілі актер Джеки Чан ?аза?станды? ?нші Димаш ??дайбергенмен бірге ?н айтты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі аясында белгілі актер Джеки Чан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен бірге ән айтты - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Джеки Чан кинофестиваль барысында көрермендерге өзінің жаңа фильмі "Кунг-фу йоганы" таныстырды. Қазмедиаорталықтың киноконцерт залында актер өзінің бір әнін орындады, ал кейіннен сахнаға Димаш Құдайберген шықты.

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық әнші ешбір музыканың сүйемелдеуінсіз әнді қытай тілінде орындап шықты.

Осыған дейін актер Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынын айтқан еді. 

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды.

Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама