Джеки Чан: Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынмын

07 Маусым 2017, 16:38
0
Джеки Чан: Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынмын - © facebook/erlan.karin
© facebook/erlan.karin

Қытайлық әрі америкалық актер Джеки Чан Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 жыл бұрын Қазақстанның Гонконгтағы елшісі Қазақстанның бай ресурстары жайлы айтып берген болатын. Бес жыл бұрын елші маған тағы да Қазақстан жайлы айтып берді. Шынымды айтсам, Қазақстанға келіп, осында кинематографиямен айналысуды армандайтынмын. Бірақ, амал не, уақыттың тығыз болуына байланысты бұл арманым сол күйі орындалмаған еді. Бірақ мен болашақта міндетті түрде Қазақстанға келіп, осы іспен айналысқым келеді", - деді актер Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Қытай кинофестивалінде.

Сондай-ақ, Джеки Чан Қазақстан табиғатының оған әсер қалдырғаны соншалық - ол өзінің боевик жанрындағы фильмдеріне экшн қойылымдар түсіріп, бүлдіріп аламын ба деп қорқатынын айтты.

Аты аңызға айналған актер Джеки Чан кеше Қазақстанға ұшып келген болатын. Астана әкімі Әсет Исекешев әйгілі актерді әуежайдан өзі күтіп алды.

Айта кетейік, 2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. 63 жастағы Джеки Чан Қазақстанға осы шараға қатысу үшін келіп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай