Ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек - Баян Алагөзова

viewings icon 1630 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Баян Алагөзова The Эфир жобасына қатысып, жүргізуші Фима Ивановтың бірнеше сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Баян Алагөзова The Эфир жобасына қатысып, жүргізуші Фима Ивановтың бірнеше сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Танымал продюсер өз өмірі және табысқа кенелудің жолдары және әйелдер мен ерлердің тең құқылы болуы үшін күресіп жүргенімен бөлісті. 

Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерді қорғау үшін жылына миллиард теңге қажет екенін айтады. 

"Кітабымның 100 мың данасын сатқан күннің өзінде барлық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдді қорғауға қаражат жетпейді. Орталықтар жұмыс істеу үшін, сол әйелдерді қорғау үшін қанша қаражат керек дегенді есептегенімде, шығын мөлшері - жылына миллиард теңгеге таяп қалады екен. Себебі, мен арнайы мамандарды тарттым, команда жинадым. Қанша қаражат керек, не үшін қажет, мамандар саны қанша болуы керек, олар қалай көмектесуі керек дегенді қорытындылай келе осыншама қаражаттың шығын болатыны белгілі болды. Бұл ойымды тастаған жоқпын, ысырып қойған жоқпын. Маған жәбір көрген әйелдерді құтқару үшін жылына миллиард теңге табыс керек", - дейді продюсер. 

Сонымен қатар, ол зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдердің өмірінен алынған шынайы оқиғалар желісінде 10 фильмнің түсіріліп жатқанын айтты. 

"Барлығымыз осындай дүниелерге көз жұма салғанды жөн көреміз. Әйелін ұрып жатыр ма өз ісі ғой деп қана қоя береміз. Қазіргі уақытта біздің команда 10 фильм түсіреді, онда шынайы өмірден алынған оқиғалар болады. Youtube желісіне жүктейміз. Миллиардты сол жерден де табамыз. Құқық қорғау органдарын да осы мәселеге жіті қарауға шақырамын. Болашақта ер адамның әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек. Әйелді ұруға ешкімнің қақысы жоқ", - дейді ол. 

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы тоқал мәселесі мен ұлтымыздың бұрынғы ғұрыппен, әдеппен қалып қойғаны жайында айтты. Продюсер құрған тобындағы қыздардың жігіттердің жабық кешінде өнер көрсеткені, KeshYou тобының және рэпер Baller-мен орындаған жаңа туындысының сынға ұшырағанына жауап қайтарып, Айжан Байзақованы бостандықта жүрген жылқыға теңеді.  

Айта кетейік, ертең, 8 наурызда Баян Алагөзованың "Сиситай" атты жаңа фильмі шығады. Осы және басқа да сұрақтардың жауабын The Эфир бағдарламасында тамашалай аласыздар!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю