19 сәуір 2022 | 09:27

Ерке Есмахан операциядан кейінгі жағдайын айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram/erke_esmahan Сурет: instagram/erke_esmahan

Ерке Есмаханға операция жасалды. Әнші үйіне оралғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ерке Есмаханға операция жасалды. Әнші үйіне оралғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еркенің айтуынша, ота сәтті жасалған. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында айтты. 

"Ота жасату керек" дегенді дәрігерлерден естігенде, бірінші ойыма Муслим түсті. Сол баламды асыраймын деп шауып жүргенімде, қызығын көре алмай қаламын ба деген жаман ой келді.

Қорыққанға қос көрінеді демекші, қорыққан сәтте небір ой болады екен.
Алла мейірімді ғой, ота сәтті жасалды. Шүкір! Сіздердің дұғаларыңыз қабыл болды", - дейді әнші.

Ерке Есмаханға қазір үйде екенін жазып, оған тілекші болған барша адамға алғыс айтты.

"Рамазан айында еселеп қайтсын деп сұраймын. Алла баршаңызға денсаулық берсін, ауызбіршілік, молшылық, береке берсін. Сәби аңсап жүргендерге сәби берсін! Үйлі, күйлі болыңыздар!

Маған ауырған жараспайды екен. Енді ауырмайтын жол іздеу керек", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Еске салайық, бұған дейін әнші соңғы күндері денсаулығы сыр беріп жүргенін, содан отаға жататынын айтып, оқырмандарынан тілекші болуды сұраған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети