Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова халықтан ұлы Қайрат Нұртас пен әнші Ерке Есмаханның арақатынасы туралы қауесетті тоқтатуын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова халықтан ұлы Қайрат Нұртас пен әнші Ерке Есмаханның арақатынасы туралы қауесетті тоқтатуын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін танымал әнші Қайрат Нұртас Ерке Есмаханмен түскен суретін жариялап, "Еркексің, Ерке", - деген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Гүлзира Айдарбекова Instagram-парақшасындағы жазбасында екеуінің арасында ештеңе жоғын айтты.
"Ерке жайлы лақап сөздерді тоқтатсаңыздар екен, Қайрат екеуінің арасында түк те жоқ, адал достығы болмаса. Тіптен Қайраттың басқада ойы да жоқ", - деді продюсер Желіде.
Ерке Есмахан да "Қайраттың отбасын бұзбаңыз" деген оқырмандарына үн қатты.
"Айналайындар-ау! Қайрат пен Жұлдыздың жанұясында шаруам жоқ! Екеуі де бақытты болсын, бала-шағасының қызығын көрсін! Жұлдыздың туған күні құтты болсын! Ал болып жатқан сынақтарға менің еш қатысым жоқ екеніне куә бір Алла! Куә - Нұртас әулеті, Жұлдыз және Қайрат! Ал кейбір өсек қуғандар өздеріңіздің лас, пасық ойларыңызды маған тықпаңыздар. Не десеңіздер де мен одан жаман болып кетпеймін, сіздердің әр айтылған сөздеріңіз өздеріңізге айналып келеді. Бірақ мен барлығыңызды кешірдім, жақсы көрем! Алла сана мен сабыр берсін! Біліп жүріңіздер, Қайратпен дос, әріптес, сырлас, бауырмыз! Гүлзира әпкемен подружкамыз! Ал қуаныштарынан қалмай, суретке түссем өз қалауым, сыйластығым! Адам күні адаммен деген сөзді ұмытпайық! Қайраттан басқа жігіт табыңыздар енді маған!" - деп жазды әнші.
Бұған дейін Қайрат Нұртас туған күнін Мальдив аралдарында атап өткенін жазған болатынбыз. Мальдив аралдарына әншінің туған күнін тойлауға блогерлер де келген еді. Ал әнші Ерке Есмахан тосынсый ретінде әншіні құттықтап келген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!