18 тамыз 2017 17:18

Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерке Есмахан © instagram.com/erke_esmahan Ерке Есмахан © instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі 2 миллионнан аса фолловері бар ресми парақшасында жазды. 


Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шығатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі 2 миллионнан аса фолловері бар ресми парақшасында жазды. 

"Бәрін бақылап, бәрін оқып, бәрін ескеріп, бәрін көріп отырмын! Өмір-ай өмір, өтесің де кетесің бір-ақ сәтте! Адам боп туу-анадан, ар жағы кім боп кететінің-өз қолыңда! Жан жағымда боп жатқан көп нәрселер жүйкемді жұқартты! Кетем мен күйеуге! (Ол жақта проблема аздай, дешиш)", - деп жазған орындаушы.


© instagram.com/erke_esmahan

БАҚ-тарға берген сұхбаттарының бірінде Ерке Есмахан сүйіктісі жоқ екенін, алайда ұсыныс жасайтындардың көп екенін мәлімдеген болатын. "Маған әрқашан гүл сыйлайтындар бар, бірақ мен ешқашан оларға жауап бермеймін, жүрегім әлі де бос", - деген еді әнші.

Айта кетейік, әншінің бір ұлы бар. Алайда, әнші өз өмірін жария еткісі келмейтінін бірнеше рет айтқан. 


Әнші ұлымен. © instagram.com/erke_esmahan


© instagram.com/erke_esmahan

Әнші өткен жылғы жазбаларының бірінде жар атанып, сәби сүюді армандайтынын жазған болатын.

"Қыз мұраты кету деген еді ғой қазақ атам. Осы мұратқа жеткен қыз баласы еріне асыл жар, сәбиіне ана атанады... Қазір кей қыздардың өмірлік ұстанымы өзгеше: мансап, ақша, саяxат, білім қуу... Бәрібір, әйел бақыты ол - перзент сүю. Мұны кез келген әйел баласы өмірдің белгілі кезеңіне жеткенде түсінеді... Бірі ерте, бірі кеш. Айтпағым осыны ерте түсініп, жар болуға, содан кейін ана атануға талпынса екен. Мен де жар атану, тағы да сәби сүю деген арманымды "аялап" жүрмін. Жаратқан бұйырған күні ол арманымның алдамағанына көз жеткізетініме сенемін!", - деп жазған еді әнші. 

Еске салайық, әншінің Төреғали Төреәлімен "Алло" әніне түсірген бейнебаяны да хит болған еді. Ал кейінгі "Қайда?" әні үш аптада 5 миллион қаралым жинап, Қазнетте рекорд орнатқан. Ерке Есмаханның Баян Есентаеваның продюсерлігінен биыл мамыр айында кеткені белгілі болған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети