07 шілде 2017 13:50

Ерке Есмаханның "Қайда" әніне түсірілген пародиялар Қазнетті шулатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/erke_esmahan © instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмаханның бір ай бұрын шыққан "Қайда" әні қазақстандықтарды жаулап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әнші Ерке Есмаханның бір ай бұрын шыққан "Қайда" әні қазақстандықтарды жаулап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бір айда 6,5 миллион рет қаралған бейнебаян бес күннің ішінде-ақ миллионға жеткен болатын. Әншінің өзі де қуанышын жасыра алмай, тыңдармандарына сүйіншілеген еді. 

"Мақтанбайын десем, жан-жақтан құттықтап қоймай жатыр! Маған ыңғайы келсе, "өзіншеее боп қалған керек",-деп ойлап қалмаңыздар! (...) Еңбектің жемісі болған соң қайтейн, айтып қойған дұрыс-ау! Рақмеееееет!", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желіде әншінің композициясын орындаған қазақстандықтардың видеолары тарап жатыр. 

Мәселен, Youtube хостингінде Dias Kambarov есімді қолданушы жариялаған пародияда жігіт "Қайда" әнін Нұрғали Нүсіпжанов, Уалихан Әбдірайымұлы, Серік Ибрагимовтің және тағы да басқалардың даусымен салады. 

Хитке айналған әнге балалар да бейнебаян түсіріп жатыр. Мәселен, Ақтауда тұратын 4 жастағы Әмина Нұрланқызының айнытпай салған пародиясы екі аптаның ішінде жарты миллионнан аса қаралым жинаған. Бұл бейнебаянды көрген әнші өзі жариялаған кавер-байқаудың жеңімпазы деп танып, 100 мың теңге беруге уәде етті.

Бұл үш жасар Адэляның пародиясы а уақыттың ішінде 17 мың рет қаралған.

Хиттен Қазақстан әскері де құр қалмады. Желіде бір топ сарбаздың әнді әскер әнінің ырғағымен орындаған видеосы пайда болды.  

 Айгерім Хамимолдинаның айтқан әнін 22 мың адам қараған.

Ал Ерке есімді жігіттің жауап әні қолданушылардың көңілін көтерді.  

Айтпақшы, Ерке Есмахан бұл бейнебаянның шыққанына бес күн болғаннан кейін видеоны көп адамның көргеніне таңғалған. Бұл туралы видеосын әнші Instagram желісінде жариялаған еді. 

Айта кетейік, әншінің Төреғали Төреәлімен "Алло" әніне түсірген бейнебаяны да хит болған еді. Ерке Есмахан Баян Есентаеваның продюсерлігінен биыл мамыр айында кеткені белгілі болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети