23 қазан 2019 19:10

Ерке Есмаханның "Қайда?" атты әніне түсірілген бейнебаяны 100 миллион қаралым жинады

Ерке Есмахан Ерке Есмахан

Әнші Ерке Есмаханның "Қайда?" атты әніне түсірілген бейнебаян YouTube желісінде 100 миллион қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Ерке Есмаханның "Қайда?" атты әніне түсірілген бейнебаян YouTube желісінде 100 миллион қаралым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әнші Tengrinews.kz тілшісіне бұл көп жылғы еңбегінің нәтижесі екенін айтып тыңдармандарына қолдау білдіріп келе жатқандары үшін алғысын айтты. 

"Әрине, мен өте қуаныштымын. 100 миллион қаралым - бұл үлкен нәтиже. Себебі бұл тек менің рекордым емес, жалпы қазақстандық YouTube-тің рекорды. Мені кешеден бері құттықтап жатыр. Алғашқылардың бірі болып ата-анам, туыстарым мен жақындарым болды. Өте қуаныштымын. Бала күнімнен шығармашылығыма ден қойып, еңбек етіп келемін. 1 пайыз талант болса, 99 пайыз еңбек. Басқаша айтуға келмейді деп ойлаймын", - дейді әнші. 

Айта кетейік, әншінің 2017 жылы 9 маусымда жүктелген бейнебаяны  бір жарым күннің ішінде миллион қаралым жинаған. 

"Бұл - тыңдармандарымның арқасында жеткен нәтижем. Себебі бұл әнді еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тыңдады. Концерттерге барған кезде әннің сөзін барлығы жатқа білетін. Басқа не айтайын? Мен бақыттымын, баршаңызды жақсы көремін!", - деді әнші. 

Еске салайық, Ерке Есмахан 9 қараша сағат 19:00-де Нұр-Сұлтанда өтетін Máńgilik El Daýysy жобасында өнер көрсетеді. Жобасы барысында тыңдармандар қазақ эстрадасының әншілерімен бірге сүйікті әндерін шырқай алады. Әндердің сөзі арнайы экраннан көрсетіледі. Тыңдарман шоудың толыққанды қатысушысы бола алады.

Шараға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети