Ерке Есмаханның "Қайда" әнінің сөзін жазған ақын плагиат деп айыптағандарға жауап берді

?аза?станды ?нші Ерке Есмаханны? "?айда" ?ніні? с?зін жаз?ан а?ын ?айнар Алаг?зов б?л ?нді ?ыр?ыз елінен алды деп айыпта?андар?а жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстанды әнші Ерке Есмаханның "Қайда" әнінің сөзін жазған ақын Қайнар Алагөзов бұл әнді қырғыз елінен алды деп айыптағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ән сөзінің авторының айтуынша, бұл әнді қырғыз орындаушысы қазақша әнді қайта айтып шыққан. Ал қырғыз әншілерінің орындауына қарсы емессіз бе деген сұраққа ол "Жалпы қарсылығымыз жоқ қой. Ауқымды тарап жатқанына қуаныштымын", - деп жауап берді. Ал әншінің директоры өз кезегінде бұл әннің әуенін Диана Исмаилова жазғанын айтты. 

Айта кетейік, осыған дейін қырғыз әншісі Гүлназ Шыныбекқызының қырғыз тіліндегі "Қайда" әні Желіде жария бола салысымен қолданушылар Ерке Есмаханның әнді қырғыз композиторларынан алды деген болжам жасаған болатын. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Ерке Есмаханның "Қайда" әні нағыз хит болған еді. Қазірде 18 миллион рет қаралған бейнебаян бес күннің ішінде-ақ миллионға жеткен болатын. Әншінің өзі де қуанышын жасыра алмай, тыңдармандарына сүйіншілеген еді. 

"Мақтанбайын десем, жан-жақтан құттықтап қоймай жатыр! Маған ыңғайы келсе, "өзіншеее боп қалған керек",-деп ойлап қалмаңыздар! (...) Еңбектің жемісі болған соң қайтейн, айтып қойған дұрыс-ау! Рақмеееееет!", - деп қуанышын бөліскен еді Ерке Есмахан. Ал содан бері Желіде әншінің композициясын орындаған қазақстандықтардың видеолары тарап жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама