Танымал продюссер Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің той суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Танымал продюссер Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзовтің той суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сурет Instagram желісінде ивент-агенттіктің қожайыны әрі продюсер Жан Мұқановтың аккаунтында пайда болды.
Мұқановтың айтуынша, той суреті "Wedding Four Seasons" той журналының мұқабасына шығады. Журнал келесі аптадан бастап шығады екен. Фотосессия Rixos қонақүйінде түсірілген.
Сонымен қатар, ол Tengrinews.kz тілшісіне фотосессия кезінде Мақсатқызының Pronovias көйлегін кигенін және Damiani әшекейлерін таққанын айтты. Ол қазақстандық ең танымал продюсердің тұрмысқа шыққанда осы көйлекті киюді жоспарлағанын жеткізді. Сондай-ақ, Мұқановтың айтуынша, Есентаева тойды ұйымдастыруды оның ивент-агенттігімен ақылдасқан, алайда нақты бір егжей-тегжейлі ештеңе айтылмаған.