Есентаева сотталған экс-күйеуіне қатысты үкімді өзгертуді сұрап Жоғарғы сотқа өтініш жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есентаева сотталған экс-күйеуіне қатысты үкімді өзгертуді сұрап Жоғарғы сотқа өтініш жазды

Баян Есентаева ҚР Жоғарғы сотына бас бостандығынан айырылған экс-күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты шыққан үкімді өзгерту туралы өтініш жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Жоғарғы соттың редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтылады. 

"Сотталған Б.Т. Есентаевтың адвокатынан және жәбірленуші Б.М. Есентаевадан Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына кассациялық тәртіпте сот актілерін қайта қарау туралы өтініш келіп түсті", - делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар, талап етілген қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін өтінішті алдын ала қарау күні белгілі болатыны айтылады.

Еске салайық, 10 маусымда Баян Мақсатқызы Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Ал өткен жылдың қарашасында Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети