Галустян Сабуровтың КВН-ға ақша төлеу туралы сөзіне қарсы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Галустян Сабуровтың КВН-ға ақша төлеу туралы сөзіне қарсы шықты

Ресейлік әзілкеш Михаил Галустян қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровтың "Көңілді тапқырлар клубына" (КВН) қабылдау туралы айтақан пікіріне қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік әзілкеш Михаил Галустян қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабуровтың "Көңілді тапқырлар клубына" (КВН) қабылдау туралы айтақан пікіріне қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Галустяннан "Макарена" YouTube-арнасына берген сұхбатында КВН ойыншылары ойынға қатысу үшін ақша төлеу қажет болған сәттер кездесті ме деп сұрады.

"Ол кезде басқа схема болған жоқ. Жұмыс істегіңіз келсе, сол схема бойынша істейсіз. (...) Менің оған (Нұрлан Сабыров. - ескерт.) деген көзқарасым жақсы. Бірақ ол КВН ойыншысы болмаса, бір нәрсені қалай бағалай алады. Оның өз жолы болса, сонымен айналыссын", - деді Михаил Галустян.

Сонымен қатар, ол Ресейде стендап-комедия жанры дамып жатпағанын, тек ұлғайып бара жатқанын айтты.

2019 жылы Юрий Дудьке берген сұхбатында Нұрлан Сабуров КВН командалары ойын үшін ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтты.

Сабуровтың мәлімдемесіне түсініктеме берген "Көңілді тапқырлар клубы" президенті Александр Масляков жарналар туралы ештеңе білмейтінін айтты. КВН қазылар алқасының тұрақты мүшесі Юлий Гузман да солай деді.

Белгілі КВН ойыншысы, "Уездный город" командасының капитаны Сергей Писаренко ойынға қатысу үшін тек аймақтық лигаларда төлем беруге тура келетінін, ал жоғары деңгейде командалар жарнасыз өнер көрсететінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети