01 маусым 2017 | 15:56

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жеке өмірі жайлы тұңғыш рет сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Stan.kz сайтына берген сұхбатында Жұлдыз Абдукаримова есімді келінінің барын ақыры айтты. Қайраттай әншінің жары, актриса алдағы уақытта жарық жұлдыздардың біріне айналуы әбден мүмкін екен. Себебі Айдарбекова келінінің арманын жүзеге асырмақшы.


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Stan.kz сайтына берген сұхбатында Жұлдыз Абдукаримова есімді келінінің барын ақыры айтты. Қайраттай әншінің жары, актриса алдағы уақытта жарық жұлдыздардың біріне айналуы әбден мүмкін екен. Себебі Айдарбекова келінінің арманын жүзеге асырмақшы.

Продюсер Қайраттың келіншегін жұлдыз қылып халыққа бір-ақ таныстыратынын мәлімдеді. Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, желіге Қайраттың отбасының суреттерін жүктеп, келіншегінің атынан әртүрлі жазбалар қалдырып жүрген жан - Жұлдыздың өзі емес.

"Оның бәрін жазып отырған Жұлдыз емес. Біреулер әдейілеп жасап отыр. Оны Жұлдыздың өзі тауып алғысы кеп жүр. Жұлдыздың уақыты болып жүрген жоқ, түсірілім болды дегендей... Енді осыны қолға алғысы келіп жүр. Жұлдыз болып отырады. "Жандарым, балаларым менің бақытым" деп бірдеңені салып. Ол біреу бірнәрсе салса, соны түсіріп алып, скриншот етіп, салып жатады. Өзі салып жатқан сияқты қылып, шығарады. Әйтпесе оның күнделікті қанша суреті бар, өзі болса, соны шығарар еді. Басқа адам, оның кім екенін Жұлдыз да таппай жүр", - деп ағынан жарылған Гүлзира Үсенқызы Жұлдыз Абдукаримова есімді келіні бар екенін шет жағасын айтты. 

Продюсердің пікірінше, жалған парақшаны Жұлдыздың өмірінен хабардар құрбыларының бірі ашқан болуы мүмкін.

"Мүмкін құрбыларың салған шығар десем, оларды жамандыққа қимайды. Өзі достары да көп емес. Ақша төлесек те, анықтауға болатын шығар. Енді соны қарастыру керек, әйтпесе болмайды", - дейді Гүлзира Үсенқызы.

Бір қызығы, халық желідегі жазбалардың авторы ретінде Қайраттың анасын айыптап жүрген көрінеді.

"Елдің бәрі мен деп ойлап жүр. Бірақ бұл бәрімізге жұмбақ болды. Жұлдыздың өзі де таңғалады. Қайраттың келіншегі әлі парақша ашқан емес. Атын қолданып біреу кіріп алған. Тексеріп, сотқа береміз деп бір сілкіп алатындай шаралар қолдануға болады. Жұлдыз да әбден күйді осыдан", - деді Гүлзира Үсенқызы.

Продюсер "келінін жұрттан жасырып, үй қамаққа алған" деп ойлайтындарға да өз жауабын берді.

"Жұрт ойлағандай, Жұлдыз біреудің етегіне қарап отырған жан емес, оның да өзінің ойы, арманы бар. Қасында жүргеннен кейін іштарлық болады, қыздар қызғанады. Сосын қалай да кедергі жасауға тырысады. Жұлдыздың арманы - дәл қазір шыға салу емес. Оның өзінің арманы бар. Мен сол бойынша жұмыс істеп отырмын, ақылдасып, кеңесіп", - деп мәлімдеді Қайраттың анасы.

Гүлзира Айдарбекова соңғы кездері күйеуі Нұртас Айдарбековты да актерлық және әншілік жағынан қолдап, кәсіби шеберлігінің арқасында танымалдығын арттыруға күш салып жүр. Бұған дейін Гүлзира ханым Қайраттың келіншегі туралы жақ ашпайтын. Тіпті, ұлының үйленгені немесе бойдақ екені жайлы сұрақтарға мүлде жауап бермейтін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети